Мектеп туралыО школе
Мектеп 1990 жылы мектеп-балабақша кешені ретінде ашылды. Бүгінде ауыл балаларына сапалы білім беріп, оқушылардың шығармашылық, ғылыми және спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған білім беру ұйымы. Школа открылась в 1990 году как комплекс «школа — детский сад». Сегодня это организация образования, которая даёт качественное обучение детям села и развивает их творческие, научные и спортивные способности.
Мектеп тарихыИстория школы
- 1990
Мектеп-балабақша кешені ретінде ашылды. Мектеп бөлімінде 26 оқушы, балабақша бөлімінде 20 бүлдіршін болды. Ғимарат 50 балаға арналған еді. Открыт комплекс «школа — детский сад»: 26 учеников в школьной части и 20 детей в дошкольной. Здание было рассчитано на 50 детей.
- 1996–1997
Балабақша бөлімі жабылып, ұйым орталау мектеп мәртебесін алды. Дошкольная часть закрыта, организация получила статус неполной средней школы.
- 2004
Ұйым «Еңбекшіл ауылының негізгі мектебі» деп аталды. Учреждение получило название «Основная школа села Енбекшил».
- 2006
Мамыр айында мектеп жанынан шағын орталық ашылып, 15 бүлдіршін қабылданды. В мае при школе открыт мини-центр, принято 15 детей.
- 2008–2009
Ауданда алғашқылардың бірі болып «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық эксперимент алаңы ашылды. Одной из первых в районе школа открыла республиканскую экспериментальную площадку по предмету «Самопознание».
- 2019
80 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Введено в эксплуатацию новое здание школы на 80 мест.
Мектеп басшыларыРуководители школы
| ЖылдарыГоды | Аты-жөніФ. И. О. |
|---|---|
| 1990–1997 | Құлшурина Роза Жолдыбайқызы |
| 1997–2006 | Бағытов Мұрат Бағытұлы |
| 2006–2017 | Құлшурина Роза Жолдыбайқызы |
| 2017 — қазірге дейінпо настоящее время | Қуанышев Айболат |
Ардагер ұстаздарВетераны педагогического труда
1990–2016 жылдар аралығында қызмет еткен ардагер ұстаздар мектептің оқу-тәрбие үдерісін қалыптастыруға айрықша үлес қосты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ. А. Тілекбаева, бастауыш сынып мұғалімдері З. Ерғалиева мен Р. Исмуханова. Особый вклад в становление учебно-воспитательного процесса внесли ветераны, работавшие в 1990–2016 годах: учитель казахского языка и литературы К. А. Тлекбаева, учителя начальных классов З. Ергалиева и Р. Исмуханова.
Олар аудандық және облыстық педагогикалық байқауларға, кәсіби шеберлік сайыстарына белсене қатысып, мектеп ұжымының тәжірибесін кеңінен танытты. Ұстаздық дәстүрі кейінгі буын педагогтерге үлгі болып келеді. Они активно участвовали в районных и областных педагогических конкурсах и состязаниях профессионального мастерства, представляя опыт коллектива школы. Их традиция служит примером для нового поколения педагогов.
Оқушылардың жетістіктеріДостижения обучающихся
- 2001–2003 — Ақтілек Жардемов пен Эльвира Түспаева аудандық және облыстық ақындар айтыстарында бірінші және Бас жүлде орындарын иеленді. 2001–2003 — Актилек Жардемов и Эльвира Туспаева заняли первые места и Гран-при на районных и областных айтысах школьников.
- 2012 — Ж. Қуанышев республикалық «Жұлдызды талант» фестивалінде I орын, облыстық «Жас таланттар» байқауында III орын алды. 2012 — Ж. Куанышев занял I место на республиканском фестивале «Жулдызды талант» и III место на областном конкурсе «Жас таланттар».
- 2014, 2015 — Е. Құбаев және Ж. Қуанышев облыстық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. 2014, 2015 — Е. Кубаев и Ж. Куанышев стали призёрами областных предметных олимпиад.
- 2026 — «Зерде» конкурсында Р. Алпамыс II орын, «Мағжан» оқуларында II орын, «Әбіш» оқуларында М. Алдаберген III орын иеленді. 2026 — на конкурсе «Зерде» Р. Алпамыс занял II место, на чтениях «Магжан» — II место, на чтениях «Абиш» М. Алдаберген — III место.
- Негізгі мектепті бітірушілер арасынан 11 түлек «Үздік куәлік» иегері атанды. 11 выпускников основной школы получили свидетельство с отличием.
Педагогтердің жетістіктеріДостижения педагогов
- 8 мұғалім Атырау облыстық білім беру департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 8 учителей награждены Почётной грамотой областного департамента образования Атырауской области.
- Математика пәнінің мұғалімі Л. Т. Есенғазы — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы. Учитель математики Л. Т. Есенгазы — Почётная грамота Министерства просвещения РК.
- Химия-биология пәндерінің мұғалімі Р. Ж. Құлшурина — V облыстық педагогикалық оқуда І дәрежелі диплом. Учитель химии и биологии Р. Ж. Кулшурина — диплом I степени на V областных педагогических чтениях.
- Дене шынықтыру мұғалімі Н. А. Нұрмағамбетов — облыстық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» І орын. Учитель физкультуры Н. А. Нурмагамбетов — I место на областном «Фестивале педагогических идей».
- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г. А. Мақымова — облыстық педагогикалық оқуларда І орын. Учитель казахского языка и литературы Г. А. Макымова — I место на областных педагогических чтениях.
- Психолог Ж. А. Қазбаева — облыстық «Ең үздік психолог» байқауында ІІІ орын. Психолог Ж. А. Казбаева — III место на областном конкурсе «Лучший психолог».
Қазіргі жағдайыСегодняшний день
| КөрсеткішПоказатель | СаныКоличество |
|---|---|
| Барлық педагог қызметкерВсего педагогов | 17 |
| Жоғары білімдіС высшим образованием | 14 |
| Арнаулы орта білімдіСо средним специальным образованием | 3 |
| Педагог-зерттеушіПедагог-исследователь | 1 |
| Педагог-сарапшыПедагог-эксперт | 6 |
| Педагог-модераторПедагог-модератор | 9 |
| ПедагогПедагог | 1 |
Мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Мұнда мектепалды даярлықтан 9-сыныпқа дейінгі 50 білім алушы және шағын орталық тәрбиеленушілері білім алады. Школа работает в одну смену. Здесь обучаются 50 детей — от предшкольной подготовки до 9 класса, а также воспитанники мини-центра.